Абдумуратова Гульвира Калменовна
Абдумуратова Гульвира Калменовна, 1974 жылы 21 шілдеде Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында дүниеге келген. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылында «Жеңістің отыз жылдығы» мектебінде оқып бітірдім. Орта мектепті бітіргеннен кейін, 1992 жылы Жамбыл университетінің « Педогогика және психология оқытушысы, Мектепке дейінгі тәрбие әдіскері» факультетіне түсіп 1997жылы бітірген.
Тұрмыста екі баласы бар.
1991-2008 жылдары аралығында Тараз қаласындағы №18 «Еркежан» балабақшасында тәрбиеші болып жұмыс атқарды. 2008-2020 жылдары аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №4 «Балдырған» бөбекжай бақшасында әдіскер қызметін атқарды. 2020-2022жылдың 27-наурыз айына дейін Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №41«Айналайын» бөбекжай бақшасында әдіскер қызметін атқарды.
Қазіргі таңда 2022 жылдың 28-наурыздан бастап, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Тараз қаласының білім бөлімінің №25 бөбекжай бақшасында меңгеруші қызметін атқарады.